Asan Abdralin - Qara qyzym
Кездестік біз ең алғашқы рет көктемде
Сол көктем біздерді ғашық еткен бе
Тұрушы ең ұялып менің қасымда
Жүрегімнің сырларын саған төккенде төккенде
Тек сені сүйдім дара қызым деп дара қызым деп
Еркелетуші ем қара қызым деп қара қызым деп
Екеумізді екіге бөлді ау
Өмірдің мынау қара күзі кеп қара күзі кеп
Тағдырымның тәлкегі қинап жанымды
Сүйген жүрек сағынды сені сағынды
Тек қана сен бақытты болшы өмірде
Тағдырыңнан сұраймын сенің бағыңды ей бағыңды
Сен кетті десе сенгім келмейді сенгім келмейді
Сені ешкімге де бергім келмейді бергім келмейді
Махаббатымның пәктігі сен ең
Сенсіз өмірге көнгім келмейді көнгім келмейді