Улангасыр Ками Коктем
Ғашықпын саған әлі
Жандармыз жоқ амалы
Жүзігің қолыңдағы
Жүректі жаралады
Сезімнің ережесін
Бұзасың не көнесің
Көз жасың қағып тұрды
Жүректің терезесін
Сүйкімді едің неткен жымиғаның көктем
Мөлдіреген көздер жанды өртеп кеткен
Жан шуағын төккен сұлу едің неткен
Жолықтырған тағдыр бізді ғашық еткен
Ең сұлу ізге адалым
Жүзіңе жүз қарадым
Мен сені айдан күннен
Жұлдыздан қызғанамын
Жүрегің соғып тылсым
Қоңырау соғып тұрсың
Бұйырмас бақытымсың
Қол жетпес көріктімсің