Quandyq Rahym - Uiyqtamashy
Мені қалай қиып барасың
Қос жанарың ұйықтағасын
Бәлкім түсің арбайды сені
Басқа жанды сүйіп қаласың
Алаңдаймын түніңе сенің
Жолын таппай жұмыр көшенің
Жанарынды жұмбашы күнім
Көздеріңде ғұмыр кешемін
Ұйықтамашы ұйықтамашы
Бүгін, жарығым
Сөндірмейік сезім жарығын
Түстеріне кірейікші біз
Ұйықтағандардың бәрінің
Түсім қашан баққа айналады
Түнім тілін қатпай барады
Ұйықтасаң, қараңғы дала
Екеумізді таппай қалады