Жандос Каржаубай Китыктап тургызбаган тагдырга тамсанам
Қитықтап тұрғызбаған тағдырға тамсанам
Бақытқа бұрғызбаған қалжырап қалса жан
Көгіне көтермейтін қарызың өтелмейтін
Кезің жоқ сынамаған жылады қанша адам
Пенделер шыдамаған шаттықты ай аңсаған
Тұсайдай кесілмеген шынжыры шешілмеген
Бақытсыз барлығы бақытсыз тағдыры
Жауғандай аспаннан жүректің жаңбыры
Күдіксіз көздерде Үмітсіз арман бар
Сүйер ем әлемді сейілсе жан мұңы
Алданған көңілдер жалғаннан қапалы
Жалғанған жолдарда сезімдер жатады
Тағы не сатылған тағы не ақұрған
Бақыттың ақ таңы қай кезде атады