Абдижаппар Алкожа Жан ана
Шуағың шалқытып ғаламды
Күннен бұрын жетеді
Жұпарың балқытып даламды
Гүлден бұрын жетеді
Бақытты етуге балаңды
Жылы сөзің жетеді
Жылы сөзбен жеткізген
Ұлы сезім жетеді Жан ана
Атыңды ардақтап мақтауға
Барлық ұғым жетпейді
Бір түнгі ұйқыңды ақтауға
Бар ғұмырым жетпейді
Бал дәмі сүтіңнің баяғы
Таңдайымнан кетпейді
Алақаның аялы
Маңдайымнан кетпейді Жан ана