Qarakesek Өзің білсең өзіңе сен TikTok remix
Жалғыз жүрегіңді маған сыйлама
Ол үшін болма мені қимаған
Ақылмен өмір сүр есіңді жина да
Сөздермен адаспа ақылға сыймаған
Жылжыған уақыттар жетелеп бақытқа
Алып бармады ма Алып бармады ма
Әлің бар ма жетуге алыс арманыңа
Сен мені ойлама, өзіңді ойла
Қатал тағдырдың ағысына қарсы жүзуді ойла
Жаным жалғызбын деп жалғыз қалып қойма
Сен менен сұрама бақытыңды
Зая кетірме қайтарылмайтын уақытыңды
Жаным, өзің білсең, өзіңе сен
Айтылды ма, жаным ішіңдегі сырларың біреуге
Жылдам табылды ма не біреулер
Оларға болама а сенуге
Жоқ, сенбе, мен сенбейм, олар алдайды
Оларға ерме, олар да пенде
Мына мен, сендей
Олардың ойларында байлық дүние теңге
Сені жетелеп алып бармайды бақытыңа,
Өздері жетіп алсын бақыттарына
Келіп алсын дұрыстау бағыттарына
Қашып кет олардың берген бағыттарынан
Жаным, ойланып атты таңың
Мен үшін жыламашы тағы
Аңсама, болсам да сағым
Жай ғана мені сағын