Жәдігер Нұрабеков - Жеңге
Жадигер Нурабеков - Женге
Жүрегіңе игі жақсылықты жаттап
Қайын жұртты баптап салт дәстүрді сақтап
Ағамызды біздің өзімізге мақтап
Жүрсің жеңешем
Жүрегіңнен шыққан жылы сөзді тандап
Бүйрегің де бұрып оны бізге арнап
Асыл әжем салған ұлы жолды жалған
Жүрсің жеңешем
Ағамның жары әулеттің бағы
Жүретұғын бағалап ерін
Ұқсайтұғын анама менің
Сенсің асыл жеңешем
Сенсің аппақ жеңешем