Әліби Гүлнұр Анамның жаққан ошағы
Өмірдің жолын өткерген
Көктеммен күзін көп көрген
Қыз болып қырдан гүл термей
Тезекпен қызыл шоқ терген
Анамды аңсап барғанда
Сəн беріп тұрғанба арманға
Нұр жалын қара ошағын
Сəл суып оттан қалғанба
Көңілім сондай босады
Жылуын бізге тосатын
Қазаны оттан түспейтін
Қызуы қайтіп өшпейтін
Анамның жаққан ошағы
Ақ бауырсағын бісірген
Дəмді қып асын бісірген
Анасның ошағыменен
Қарызбын құшақ ішінен
Түтіні түзу шығатын
Күйесі кие жұғатын
Анамның қазан ошағы
Бəрінен биік болады