Талай-талай қызық көрдік өмірден,
Түрлі-түрлі сезім кештік көңілмен,
Бәрі-бәрі бітпейтіндей көрінген,
Біздер үшін.
Қанша-қанша біз білмеген, біз білген,
Тағдырлар бар сала алмаған із мүлдем,
Сағынышты ғұмырлар бар үзілген,
Біз үшін.
Жетуге бақытқа,
Кешікпе, асықпа,
Бәрінің уақыты бар,
Уақытың да уақытша.